2016 жылғы 15 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
«Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы №486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №3, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Крахмалдық сірне өндіруге арналған жүгері.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ